Толығырақ зерттеуді қажет ететін теңіз жыртқыштары

Main Article Content

М. Сүйерқұлова

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

merukaas@mail.ru

У. Аманбаева

Ұлттық биотехнология орталығы, Астана, Қазақстан

amanbayeva@biocenter.kz

K. Dyussembayev

L.N. Gumilyov Eurasian National University, Astana, Kazakhstan

kazbek.malay@gmail.com

Abstract

Теңіздерде көптеген жыртқыштар тіршілік етеді. Олардың түрлері мен тіршілік ету орталарының алуан түрлілігі көпжылдық тарих пен су ортасында өмір сүру үшін күрестен қалыптасты. Алайда, су түбінде мекендейтін жыртқыштардың біразы толық зерттелмеген болатын. Зерттеуді қажет ететін теңіз жыртқыштарына, көк сақиналы сегізаяқ, арыстан балық және физалия мен морай жатады. Бұл теңіз жыртқыштары – теңіз ортасындағы басқа тіршілік иелерін аулауға және қоректенуге бейімделген жануарлар. Олардың анатомиясы мен физиологиясында теңіз ортасының қатал жағдайында сәтті аң аулауға және аман қалуға көмектесетін бірқатар ерекшеліктер бар. Бұл әдеби шолуда жоғарыда аталған төрт жануардың ерекшеліктерін сипаттаумен қатар, олардың аз зерттелген жақтары талқыланды.

Keywords:
теңіз жыртқыштары, көк сақиналы сегізаяқ, арыстан балық, физалия, морай

Article Details

Received 2025-02-04
Accepted 2025-03-12
Published 2024-03-30